Белгілі болғандай, Райм Бақтыгереевтің бұрынғы қалыңдығы Наргиза тұрмыс құрған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Райм Бақтыгереевтің бұрынғы қалыңдығы Наргиза ел алдында мәлімдеме жасап, әнші мен ара қатынасы туралы айтқан еді. Ол тіпті, екі жақтың тойға дайындалып жатқанын атап өткен. Десе де қос жұп соңында ажырасып, Райм Ерке Есмаханға үйленуді жөн көрген.
Енді Наргизаның өзі тұрмыс құратынын мәлімдеді. Өткенде оған тұрмыс құру туралы ұсыныс айтылса, енді ол жақын арада сырға салынатынын хабарлады. «Соңғы жаңалықтар. Үндемей отыра алмадым, қыздар», — деп жазды
Сырға салу мен ұзату Орал қаласында өтуі мүмкін.

