Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Times of India және The Economic Times басылымдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 қыркүйекте Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатындағы Хатхрас қаласында болған. Полиция тіркеген материалдарда таңертең мектеп қызметкері мен жатақханада тұратын басқа оқушылар құрбандыққа шалынған баланы оята алмаған. Ол өз төсегінде өлі күйінде табылды. Баланың ата-анасына баласының науқастанып қалғандығы айтылған. Ал мектеп директоры Динеш Багел оқушының денесін көлігінің жүк салғышына салып алып, «бірнеше сағат бойы қалада айналып жүрген».
Баланың әкесі, Делиде орналасқан жеке фирманың бағдарламалық жасақтама инженері Кришан Кушвахи, мектепке келіп, баласын таппай қалған, одан соң ол полицияға арызданған.
Бірнеше сағаттан кейін полицейлер мектеп директорының көлігін қуып жетіп тоқтатқан. Көліктен табылған оқушының мойын тұстарынан тұншықтыру белгілері анықталды. Сараптама баланың жексенбі күні кешке тұншығып, көз жұмғанын көрсетті.
«Кісі өлтіру бабы бойынша бес адамға қарсы қылмыстық іс қозғалды: мектеп директорынан бөлек, «қара дуа» мен тантрикалық рәсімдерге сенген марқұм баланың әкесі мен үш мұғалімге қатысты тергеу жүргізілуде. Тінту барысында олардан түрлі жөн-жоралғы заттары табылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адамдар баланы ұрлап, «қара магия» рәсімі кезінде өлтірген. Мектебіміз «өркендеп, гүлденсің» деп оны құрбандыққа шалғані», деп жазады Times Of India.
Кейінірек күдіктілер бұған дейін тағы бір оқушыны – тоғыз жасар баланы өлтірмек болғаны белгілі болды. Ол қашып үлгерген. Қазіргі уақытта жеке мектеп жабық.