Қазіргі таңда Youtube желісін ашсаң болғаны түрлі жанрда, түрлі видеолар шығады. Ал монетизациядан өткен блогерлер әйгілі желіден тіпті ақша алып отыр.
Caravan.kz медиа порталының тілшісі Youtube продюсерлерінің, эксперттердің әлеуметтік желілерін бақылап, олардың қанша ақша табатындарын анықтап көрді.
1 айда 2 000 $
Youtube маманы Нұрсұлтан Өмірбайдың айтуынша оның шәкірті 1 айдың ішінде 2 000 доллар ақша тапқан. Бұл теңгеге шаққанда 996 мың теңгеден асады.

Бұл маманның тағы бір студенті америкалық ютуб жүргізіп 6 айдың ішінде 5 миллион теңге ақша тапқан. Дегенменде Youtube-тің өзінің алып қалатын салығы барын да айта кеткен жөн.
3 айда 6 миллион теңге
Youtube маманы Әлішер Накнавидің айтуы бойынша Dragon Нургелді есімді блогер Youtube-тан 3 айдың ішінде 6 миллионнан астам теңге ақша тапқан.

Бір ән үшін 16 000$
Осыдан бірнеше жыл бұрын Меховая 8/1 тобының Youtube арнасын жүргізуші «Тойға шашу» әні үшін Youtube-тан 16 000$-дан аса ақша алғанын айтқан еді.

Өзге Youtube-та монетизациясы қосылған өзге әнші, блогерлердің қанша табыс табатынын білу мүмкін емес. Салық қызметкерлерінің құлақтарына алтын сырға.