"Үш-ақ рет ұрған": Бишімбаевтың адвокаты негізсіз сөз айтып, елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш-ақ рет ұрған": Бишімбаевтың адвокаты  негізсіз сөз айтып,  елдің ашуына тиді

"Үш-ақ рет ұрған": Бишімбаевтың адвокаты негізсіз сөз айтып, елдің ашуына тиді

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысындағы жарыссөз кезінде адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаушысын Салтанат Нүкенованы “бір жылда үш-ақ рет ұрған” деп ақтады.

  • 3 Мамыр
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Айтуынша, мұндай жағдай еліміздегі барлық отбасында болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаңан Сaravan.kz хабарлайды. 

Адвокат Бишімбаевтың Нүкенованы “жүйелі азаптап өлтірді” деп санауға болмайтынын алға тартты.

«Егер сіз Қылмыстық кодекстің бабын ашсаңыз, онда азаптаудың не екені айтылған. Азаптау – жүйелі түрде ұрып-соғу. Алайда олар бірге тұрған жылы тек үш-ақ жағдай болған. Сонда бұл жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Ол серуендеп, демалды, қалаған жерлеріне барды, қалағанын жеп, қалаған қымбат бұйым, киім-кешегін алды. Сондағысы үш-ақ рет қақтығыс. Егер мұны жүйелі азаптау десек кез келген отбасына барып, жылына үш рет жанжал шығарғандарды 4 жылдан 7 жылға дейін жазалайық», – деді Ерлан Ғазымжанов.

Осы сөздерден соң судья Айжан Құлыбаева адвокатқа ескерту жасады. Алайда судьяның ескертуі адвокатқа ұнамады. Ол:

«Cіздің маған деген қысымыңызды түсіндім. Себебі құрметті сот, тек мені бопсалайсыз. Неліктен басқаларға олай етпедіңіз?» – деді адвокат.

Судья оған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзатын нәрселер айтқанын түсіндірді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзбай жалғастыруын сұрады. Алайда Ғазымжанов сөзін қайтадан талаптарды бұза жалғастырды. Осы сәтте  судья одан орнына баруын талап етті.

«Қорғаушы, сіздің ұстанымыңызды ескере отырып, сізге сот отырысының талабын мұқият түсіндіруге мәжбүрмін. Өйткені сіз әлі түсінбепсіз. Сот сізге үш рет ескерту жасады. Бірақ сіз соған қарамастан алқабилердің алдында негізсіз дәлелдеріңізді қайталаудасыз. Сіз түсінбегендіктен, тағы да түсіндіремін. Сот жарыссөздерінде бұған дейін жасаған этикаға жат, әдепсіз мәлімдемелерге жол берілмейді. Егер сіз этикалық емес мәлімдемелердің қандай екенін түсінбесеңіз, олардың мінез-құлық пен мораль ережелеріне сәйкес келмейтін тәртіпсіз сөздер екенін айтайын. Сіздің осы уақытқа дейін айтқандарыңыз, моральдың да, мінез-құлықтың да нормаларына сәйкес келмейді. Не айтып жатқаныңызды бақылауыңыз керек», – деп қорытындылады Айжан Құлбаева.

Осыдан кейін Ғазымжановқа өз сөзін жалғастыруға рұқсат берілді.