Үш аптадан кейін доллар қанша болады — сарапшылар болжам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш аптадан кейін доллар қанша болады — сарапшылар болжам жасады

Үш аптадан кейін доллар қанша болады — сарапшылар болжам жасады

Halyk Finance сарапшылары мамыр айының соңына арналған теңге бағамы бойынша болжамын жариялады.

  • 6 Мамыр
  • 19
Фото: astanatv.kz

Олардың бағалауынша, доллар бағамы 510–520 теңге аралығында қалады. Бұл қазіргі көрсеткіштерге сай, сондай-ақ ұлттық валютаның сәуірде басталған әлсіреуі жалғаса бермек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Halyk Finance сарапшыларының алдыңғы болжамы дәл келді. Олар сәуір айының соңына дейін доллар бағамы 505–515 теңге аралығында болады деп күткен еді. Валюта нарығына шолу бойынша, сәуір айында теңге 1,6%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 504 теңгеден 512 теңгеге дейін жетті. 

Неліктен теңге әлсіреп жатыр

Сарапшылардың айтуынша, теңгенің әлсіреуінің негізгі себептері – әлемдік мұнай бағасының төмендеуі мен шетелдік инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік облигацияларынан ішінара шығуы. Бұл факторлар ұлттық валютаға қысым түсіріп отыр.

Сәуірде Ұлттық банк биржада 1,131 млрд доллар көлемінде таза валюта сатқан (наурызда – 998 млн доллар, ақпанда – 1,1 млрд доллар). Оның ішінде Ұлттық қордан валюта сату көлемі 968 млн долларды құрады, жоспар бойынша 950–1050 млн доллар аралығында. Бұл наурыздағы көрсеткіштен (748 млн доллар) жоғары, алайда жалпы сауда көлемінің артуына байланысты оның үлесі өзгеріссіз қалды – 18%.

Сәуірде Ұлттық банк ішкі нарықтан алтын сатып алу арқылы артық теңге массасын стерилизациялау саясатын жалғастырды. Сәуір айында жоспар бойынша 213 млрд теңгеге (орташа бағаммен 514,6 теңге болғанда – $413,8 млн) алтын сатып алынды. Салыстыру үшін: наурызда 249 млрд теңгеге немесе $500 млн-ға жуық алтын алынған (наурыздағы орташа бағам – 497,9 теңге/$).

Сәуірде БЖЗҚ үшін валюта сатып алу қайта басталды — $250 млн көлемінде. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілері валюта түсімінің 50%-ын міндетті түрде сату нормасы аясында шамамен $308 млн сатылды. Сарапшылар Ұлттық қордан валюта сату көлемі артып жатқанын атап өтеді. Яғни мемлекеттің бюджеттік тұрақтылық пен валюта бағамын ұстап тұру мақсатында резервтерді жедел пайдалануға мәжбүр екенін білдіреді. 

Теңге бағамына қатысты болжам 

Мамырда Ұлттық қордан валюта сату көлемі сәуір айындағы жоғары деңгейде қалады: $950 млн–$1050 млн аралығында. Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, бұл қаражат қандай мақсаттарға жұмсалатыны нақты көрсетілмеген. Яғни, бюджетке трансферттерге ме, әлде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ облигацияларын сатып алып, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға ма. Қалай болғанда да, Ұлттық қордың ақшасын өткен жылдағыдай пайдалануға ұқсайды. Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, Ұлттық қордан валюта сату көлемінің артуы бюджеттік саясаттың проциклділігін күшейтіп, бұл теңге бағамына және инфляцияға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, мамыр айында «айна саясаты» жалғасып, оның аясында 213 млрд теңгеге жуық (шамамен $414 млн) валюта сату жоспарлануда. Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 50% валюта түсімін міндетті түрде сату талабы да жалғасады.

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтеріндегі валюта үлесін 40% деңгейінде сақтау мақсатында Ұлттық банк мамырда да валюта сатып алуды жалғастырады. Бұл көлем $250 млн-нан аспайды. Алайда Ұлттық банк бұл сатып алулар нарықтағы жағдайға байланысты жүзеге асырылатынын айтып, нақты көлемдерді жарияламай отыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай белгісіздік нарықтық бейтараптық қағидатынан алшақтау, яғни жарияланған мәлімдемеге қайшы келеді.

Ұлттық банктің мамыр айындағы таза валюта сатылымы шамамен $1,164 млрд болады деп күтілуде (сәуірде – $1,131 млрд). Мұнай бағасының төмен деңгейде қалуы ескерілсе, Halyk Finance мамандары мамыр айының соңына қарай доллар бағамы 510–520 теңге аралығында сақталады деп болжап отыр.

Перейти к новостям спорта