"Үш бөлмелі пәтер, қымбат көлік пен айфон 15": Аста-төк той жасаған экс-депутат елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш бөлмелі пәтер, қымбат көлік пен айфон 15": Аста-төк той жасаған экс-депутат елдің қызу талқысына түсті

"Үш бөлмелі пәтер, қымбат көлік пен айфон 15": Аста-төк той жасаған экс-депутат елдің қызу талқысына түсті

Кәсіпкер, экс-депутат Марат Раманқұлов 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті.

  • 28 Мамыр
  • 122
Фото - Caravan.kz

Ол атаулы күні қымбат, бағалы заттарды ойнатқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде жұлдыздар кеше барып, дүркіретіп атап өткен той экс-депутат, кәсіпкер Марат Раманқұловтың тойы болып шықты. Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

Айтуынша, аталған тойда той иесі үш бөлмелі пәтер, қымбат көлік пен айфон 15 сынды бағалы сыйлықтарды да ойнатқан көрінеді.

Сонымен бірге желіде тараған видеода тойда Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов және т.б. танымал тұлғалардың болғанын көруге болады. Көпшілік мұндай ысырапқа барудың қажеті жоқ деген пікірді жаудырып жатыр.