"Үш келінімізден үш перзент қосылды": Айдарбекова тағы да ел алдында мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үш келінімізден үш перзент қосылды": Айдарбекова тағы да ел алдында мақтанды

"Үш келінімізден үш перзент қосылды": Айдарбекова тағы да ел алдында мақтанды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Астанада Жұлдыз Әбдікәрімованың үйінде қонақта болып, елдің ыстық ықыласына бөленді.

  • 19 Ақпан
  • 12
Фото: Instagram/Гүлзира Айдарбекова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Продюсер бұл жолы желіге түрлі видео жүктеп, елдің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Көпшілік олардың Жұлдыз Әбдікәрімовамен арасы дұрыс емес екенін айтқан еді. Десе де продюсер олардың үйіне барып, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Аллаға сансыз шүкірлер, үш келінімізден Нұртас әулетіне тағы 3 перзент қосылып, отбасымызда кішігірім құда-құдағыйларымызбен мәре-сәре болған сәттерімізбен өздеріңізбен бөлісіп қояйын. Аруназ қызымызға 40 күн! Әумин деп, жүрек жылуын толтыра лайктатып, тілек жаза кетіңіздерші, ұрпақтарыңызбен қуанып, ең бақытты сәттерді сезіну сіздерге де жұғысты болсын!», — деп жазды продюсер.