Үш курорттық аймақта әуежай ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш курорттық аймақта әуежай ашылады

Үш курорттық аймақта әуежай ашылады

Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды

  • 27 Қаңтар
  • 1
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл үш курорттық аймақта әуежайлардың құрылысы аяқталатынын мәлімдеді.

Бүгінде үш жылдық бағдарлама аясында өңірлік әуежайларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы туристік әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды. Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды»,-деді Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бірақ жөндеу жұмыстары басталатын нысандар бар. Атап айтқанда, биыл Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту, Ақтау әуежайының перронын жөндеу және Атырау әуежайы терминалын жаңарту басталады.