“Үшінші әлем елдерінің чемпионаты секілді”: Сарапшы IBA ұйымдастырған әлем чемпионатын қатаң сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Үшінші әлем елдерінің чемпионаты секілді”: Сарапшы IBA ұйымдастырған әлем чемпионатын қатаң сынады

“Үшінші әлем елдерінің чемпионаты секілді”: Сарапшы IBA ұйымдастырған әлем чемпионатын қатаң сынады

Спорт сарапшысы Исатай Мади IBA (халықаралық бокс ассоциациясы) ұйымдастырған әлем чемпионаты туралы өз ойын айтты.

  • 11 Желтоқсан
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Prommo Podcast YouTube арнасында аталмыш жарыстың деңгейін әлем чемпионатына лайықты емес деп бағалады.

“Жарысқа келетін елдердің көбінде визамен мәселелер туындаған. Әсіресе, кедей мемлекеттерде визамен қиындықтар болған. Мысалы, Ұлыбритания, Франция, Америка, Канададан боксшылар келіп жатса, олардан кім виза сұрайды?! Мына жақта Кения, Мозимбик, секілді елдер келіп жатыр. Мысалы, Ертуғанмен шыққан моңғол боксшысы 12 жыл бұрын Моңғолияның құрамасында болған. Екі-ақ турнирге қатысқан. Одан кейін құрамада көрінбеген. Кейін Америкаға кәсіпқой боксқа кетіп, 2 жекпе-жек өткізіп, ұтылған. Сөйтіп, Моңғолияның атынан келе салған. Менің ойымша, федерациялардың атынан ресми емес, өз бетімен Моңғолияның, Зимбабвенің азаматымын деп келсе, қоса берген секілді. Тіпті, кейбіреулерін жолдарын, бәрін төлеп, әдейі әкелген сияқты. Ең бастысы, географияны барынша кең қылып көрсету. Бірақ, анығын қарасаң, тізімде әуесқой бокс атымен жоқ елдер көп. Толыққанды әлем чемпионаты деп айту қиын. Тәп-тәуір деңгейде өнер көрсететін Жапония, Таиланд, Корея елінің боксшылары жоқ. Спортшылардың деңгейіне қатысты сұрақтар көп. Жарыс үлкен халықаралық турнирге ұқсайды. Үшінші әлем елдерінің чемпионаты секілді. Кестені ашып қарасаң, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Кубаны төрт жаққа лақтырған. Әрі кетсе ширек финалға немесе жартылай финалға дейін осы елдердің бір бірімен кездеспесе екен деп кесте жасалғаны көрініп тұрады. Африка елдерін Ресей өзінің осындай тірліктерінде жақсы қолданады. Әр салмақта бәсекеге қабілетті 3-4 боксшы ғана бар”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, 4-13 желтоқсан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Ел намысын қорғауға аттанған 13 боксшымыздың алтауы жартылай финалға шықты.

Перейти к новостям спорта