Ыстамбұл клубының алғашқы мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстамбұл клубының алғашқы мәжілісі өтеді

Ыстамбұл клубының алғашқы мәжілісі өтеді

Ертең Ыстамбұл университетінің Еуразия институтында (Түркия, Ыстамбұл) Ыстамбұл клубының алғашқы мәжілісі өтеді, деп хабарлайды аталмыш шараны ұйымдастырушылар.

  • 22 Сәуiр 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

Бұл клубты құру идеясын ресейлік, түрік және қазақстандық сарапшылар ұсынған болатын. Өз елінің ұлттық мүдделерін және дәстүрлі құндылықтарын сақтауға бағытталған бірқатар сарапшыларды, саясаткерлерді және ғалымдарды біріктіре отырып, Ыстамбұл клубы Түркия, Ресей, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің стратегиялық серіктестігі мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңы болады.

Сондай-ақ клуб өз жұмысын әлемдік саясаттың және идеология сияқты кең ауқымды тақырыптарда жүзеге асырып, өз қызметінде мамандар мен сарапшылардың қатысуына үміт артады.

Ыстамбұл клубын құру жөніндегі бастама топтың құрамына: саясаттанушы, Ресей Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов, Ыстамбұл университеті Еуразия институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Хаяти Тюфекчиоғлы, ЦЕССИ-Қазақстан Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтының директоры, «Халықаралық зерттеулер. Қоғам. Саясат. Экономика» журналының баспагері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагоз Рақышева кіріп отыр.

Ал Ыстамбұл клубының мәжілісіне қатысатындар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Селиверстов, Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының сарапшысы Айнұр Мажитова Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының сарапшысы Гүлден Шалова.

Сондай-ақ кеңес шеңберінде «Назарбаев — антиядролық әлем жетекшісі», «Казақстан, Ресей, Түркия: XIX-XXI ғасырлардағы еуразиялық идея беттерінен» кітаптарының таныстырылымы болады.

Клуб мүшелеріне «Халықаралық зерттеулер. Қоғам. Саясат. Экономика» журналының арнайы нөмірі ұсынылады.

Отырыс барысында «Қазақфильм» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі және «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсірген «Қазақстандық жол: Тәуелсіздік шежіресі» атты деректі фильмнің алғашқы сериясы туралы ақпарат ұсынылады. Жалпы, фильм Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуын баяндайтын 8 сериядан тұрады.

Сондай-ақ мәжіліс шеңберінде «Сөнбесін от алауы» (23 мин.) атты қазақстандық деректі фильм көрсетіледі. Фильмді түсіруге түрік ғалымдары да атсалысқан.

Перейти к новостям спорта