Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Түркиядағы президенттік сайлауда оппозицияның негізгі кандидаты саналған. Оның ұсталуынан кейін Ыстамбұлда наразылық шерулері басталды. 22 наурызда 300-ден астам, ал 23 наурызға қараған түні тағы 323 адам ұсталғаны белгілі болды.
Бір күн бұрын Экрем Имамоглу сотта куәлік бере бастады.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қазақстандықтарға үндеу жолдап, митингілерге қатысудан аулақ болуға шақырды.