Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталуы туралы ақпарат тексерілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталуы туралы ақпарат тексерілуде

Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталуы туралы ақпарат тексерілуде

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркиялық БАҚ-тар таратқан ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тү

  • 5 Қаңтар 2017
  • 1051
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркиялық БАҚ-тар таратқан ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары Ыстанбұлдағы түнгі клубта орын алған терактіге байланысты ұсталғандардың арасында қазақстандықтар бар деген ақпарат таратқан болатын. «Қазір бұл ақпаратты тексеру үстіндеміз. Кейінірек қосымша хабарлаймыз»,-деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Dogan агенттігінің мәліметінше, Түркияның құқық қорғау органдары Ыстанбұлдағы түнгі клубта болған лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 40 адамды ұстады. Сондай-ақ ұсталғандардың арасында 20 бала бар: 9 ұл және 11 қыз. Олардың дені Дағыстан азаматтары деп хабарлануда. Тұтқындалғандардың арасында Қырғызстан мен Қазақстанның (алдын ала болжам бойынша, Түркістаннан) да азаматтары бар. Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жыл түні қарсаңында Reina түнгі клубына террористер шабуыл жасап, 39 адам қаза тапты, 69-ы ауыр жарақаттар алды. Жалпы, сол күні түнгі клубта 700 адам болған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, терактіні «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) өз мойнына алды