Ыстық жаз: Дала өртінің жоғары қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстық жаз: Дала өртінің жоғары қаупі төніп тұр

Ыстық жаз: Дала өртінің жоғары қаупі төніп тұр

Болжам бойынша, жаз мезгілі ыстық болады деп күтілуде, дала өртінің шығу қаупі жоғары.

  • 14 Мамыр
  • 9
Фото: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрі үкімет отырысында алдағы жазда орман өртінің шығу қаупі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде республика бойынша 27 орман өрті және 122 дала өрті тіркелген. Олардың көпшілігі министрлік күштерінің, соның ішінде авиацияның қатысуымен жойылды.

«Болжам бойынша, жаз мезгілі ыстық болады деп күтілуде, дала өртінің шығу қаупі жоғары. Осыған байланысты барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық жоспардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету талап етіледі. Өз кезегінде министрлік еліміздегі өрт қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», — деді Шыңғыс Әрінов.