Ыстықкөл: бозтөріліктер мен милиция өкілі арасында жаппай төбелес орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөл: бозтөріліктер мен милиция  өкілі арасында жаппай төбелес орын алды

Ыстықкөл: бозтөріліктер мен милиция өкілі арасында жаппай төбелес орын алды

Қырғыз жері тағы тынышсыз! Туристік маусымның қызған шағында Ыстықкөл жағасындағы Бозтөрі ауылының тұрғындары жергілікті билікке наразылық танытты. Дәлірек айтқанда, олар көбейіп кеткен милицияның ауылдарынан кетуін талап етуде. Негізі, құқық қорғау органдарының өкілдері Ыстықкөлге демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жіберілген болатын. 

  • 6 Шiлде 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

Тұрғындардың айтуынша, олар қызмет бабын асыра пайдаланады екен. Осы ауыл төңірегінде орналасқан «Асылташ» пансионатында кеше жергілікті тұрғындар мен милиция өкілдерінің арасында жаппай төбелес орын алған.  Кейбір мәліметтер бойынша, қару қолданылды, содан екі адам жараланып, ауруханаға түскен. Дегенмен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Бірақ наразы жұрт екі милиция қызметкерін «өзіміз жазалаймыз» деп мінез көрсетті. Ал ел билігі қазір жағдай тынышталды деп отыр.


Рахматилло Ахмедов, Қырғыз Республикасы ІІМ
баспасөз қызметі бөлімі бастығының орынбасары:

— Қазір Бозтөрі ауылында тыныш, бір келісімге келді. Аталмыш  оқиғаны  тергеу үшін комиссия  құрылды. Комиссия ішінде жергілікті елдің өкілдері де бар.

Соңғы жаңалықтар