Ыстықкөл мен Алматы арасында тұрақты әуе қатынасы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөл мен Алматы арасында тұрақты әуе қатынасы ашылады

Ыстықкөл мен Алматы арасында тұрақты әуе қатынасы ашылады

Алматы мен «Тамчы» әуежайының арасында әуе қатынасы орнайды, деп Қырғызстанның Алматыдағы бас консулдығы мәлім етті, деп ҚырТАГ хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

«2011-ші жылдың 30-шы маусымынан бастап «Алматы — Ыстықкөл» («Тамчы» әуежайы) маршрутымен жаңа апта сайынғы әуе қатынасы ашылады», — деп сейсенбі күні дипөкілдіктен хабарлады.

Бас консулдықтың хабарлауынша, рейстерді қазақстандық «Скат» әуе компаниясы 48 жолаушылық «Ан-24» ұшағымен орындайтын болады.

«Рейстер әр бейсенбі және дүйсенбі күндері болады. Билет құны 33 мың теңге, немесе $225 тұрады», — деді бас консулдықтан.

Әуе рейстері Ыстықкөлдегі туристік маусым аяқталғанша – тамыз айының соңына дейін болады.

Соңғы жаңалықтар