Ыстықкөл облысында "Газпромнефть Азия" жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөл облысында "Газпромнефть Азия" жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды

Ыстықкөл облысында "Газпромнефть Азия" жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды

Бішкек. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 11 тамыз күні Ыстықкөл облысындағы "Газпромнефть Азия" жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасау салдарынан жарты миллион сом қаражат қолды болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Тамыз 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен түнде шабуыл жасалған «Газпромнефть Азия» жанармай құю бекеті Бұлан-Сөгеті ауылында орналасқан. «Ғимаратқа бетперде киген белгісіз төрт жігіт басып кірген. Тапаншамен және пышақпен қорқыта отырып, қауіпсіздік қызметінің 3 қызметкері мен бекеттің операторын таңып тастаған. Сонан кейін жанармай сатудан түскен қаражат пен құрбандардың ұялы телефондарын алып кеткен», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскерлерді табу үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылған.

$1=34,88 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар