Ыстықкөлде бұзақылық және есірткі сақтау жөніндегі айыппен Қазақстанның бес азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлде бұзақылық және есірткі сақтау жөніндегі айыппен Қазақстанның бес азаматы ұсталды

Ыстықкөлде бұзақылық және есірткі сақтау жөніндегі айыппен Қазақстанның бес азаматы ұсталды

Бішкек. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін - Ыстықкөлде бұзақылық жасау және есірткі сақтау жөніндегі айыппен Қазақстанның бес азаматы ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көл жағалауындағы Қорумду ауылындағы бір пансионатта демалып жатқан Қазақстан азаматтарын ұстауға түнгі төбелес туралы хабар себеп болған. Ыстықкөл АІІБ оперативтік тобы оқиға орнынан зардап шеккен бір Бішкек тұрғынын тапқан. Ол өзін бір қарулы жастар тобы соққыға жыққанан жеткізген.

Артынан анықталғанындай, оқиға Қазақстан азаматтарынан болған. Олар бастапқыда өзара төбелесіп, кейін жергілікті тұрғындармен қақтығысқан. Шабуыл жасағандар мас болған.

Олардан газды тапанша, екі резеңке оқ пен гашиш болуы мүмкін қара жасыл түсті зат табылған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар