Ыстықкөлдегі Бостері ауылында болған төбелес бойынша қылмыстық іс ҚР Бас прокуратурасына берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлдегі Бостері ауылында болған төбелес бойынша қылмыстық іс ҚР Бас прокуратурасына берілді

Ыстықкөлдегі Бостері ауылында болған төбелес бойынша қылмыстық іс ҚР Бас прокуратурасына берілді

Ыстық көлдегі Бостері ауылында болған жаппай төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс Қырғызстанның бас прокуратурасына берілді, деп хабарлайды ҚырТАГ агенттігі.

  • 7 Шiлде 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Бостері ауылында болған оқиғадан кейін аудандық прокуратура қылмыстық іс қозғады, ол үлкен қоғамдық резонанс тудырғанына байланысты бас прокуратураға берілді», — деп мәлім етті Ыстық көл облысының ІІБ бастығы Жалил Илиппаев Бейсенбі күні Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол Бостері ауылында оқиғаны тергеуге көмектесетін комиссия құрылды, оған 22 жергілікті тұрғын кірді.

ІІБ бастығы ұйымдасқан қылмыспен күрес бас басқармасының орталық аппаратының зардап шеккен қызметкерлері, учаскелік милиционер, жараланған жергілікті екі тұрғын Бішкектің емдеу мекемелерінде жатқанын айтты.

«Зардап шеккендер құқық қорғау қызметкерлеріне еш наразылықтары жоқ екені туралы хат жазды», — деді Ж. Илиппаев.

Ыстық көл ауданының әкімі Нұрлан Насиридиновтың айтуынша, қазіргі уақытта Ыстық көл курорттарындағы жағдай тыныш.

«Аймаққа туристер келіп жатыр, олардың ішінде Қазақстан мен Ресей азаматтары көп. Жастардан санаторийлердің қасында кезекшілік жасайтын топтар жасақталды. Милиция тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырды», — деді әкім.

Бұрын хабарланғандай, 4 шілдеде Бостері ауылында милиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың арасында қақтығыс шығып, жергілікті екі тұрғын қарудан жарақат алды. Қақтығыс жаппай төбелеске ұласып, 400-ге жуық тұрғын автожолды жауып тастап, қару қолданған милиционерлерді өздеріне беруді талап еткен, олар тәртіп сақшыларын өздері жазаламақ болған.

Соңғы жаңалықтар