Ыстықкөлдегі төрт пансионат Қазақстан меншігінде қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлдегі төрт пансионат Қазақстан меншігінде қалады

Ыстықкөлдегі төрт пансионат Қазақстан меншігінде қалады

Ыстықкөлдегі төрт пансионат Қазақстан меншігінде қалады, деп ҚырТАГ, Қырғызстан жогорку кенеш (парламент – ҚазТАГ) спикері Ахметбек Келдібековқа сілтемелеп жұма күні хабарлады.

  • 1 Шiлде 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан мұрагерлікті мойындайтын мемлекет. Сондықтан Қазақстанға берілген төрт пансинат туралы мәселені көтеру дұрыс емес. Біз бүкіл дүниежүзінде мойындалатын халықаралық нормаларды ұстануымыз керек. Ол пансионаттар сатылған болса да Ыстықкөлде, демек Қырғызстан территориясында орналасқан. Және бұл мәселені саясиландыруға болмайды. Біз мұның алдыңғы шақырылған парламент пен үкіметтің қабылдаған қаулыларын сыйлауымыз керек. Бұл мәселе шешілген және Қырғызстанның кез келген деңгейінде қайта қаралмайтын мәселе», — деді А. Келдібеков жұма күні баспасөз мәслихатында.

Бұрын хабарланғандай, 2006-шы жылы 4 шілдеде Астанада Ыстықкөл облысында орналасқан шипажай-емделу нысандарына деген Қазақстанның меншік құқығы туралы келісімге қол қойылған болатын. 2009-шы жылы ҚР парламент шешімімен Ыстықкөлдегі төрт пансионатты ұзақ мерзімге жалға беру туралы келісім мақұлданған. Ол пансионаттар: Корумду селосындағы «Олимп» спорттық сауықтыру орталығы (бұрынғы «Қазақстан автомобилисі»), Чолпон-Атадағы «Қазақстан», Бостеридегі «Самал» және «Университет». Қол қойылған келісішарт аясында қазақстандық тарап меншік құқығын рәсімдеген соң, отельдерді 4* және 5* деңгейіне көтеріп, мұнда Қырғызстан азаматтарын жұмысқа алу карастырылған.

2010 жылғы сәуір оқиғаларынан соң, 17 маусымда Қырғызстан уақытша үкіметінің төраға орынбасары Әзімбек Бекназаров кезінде Қазақстанға берілген төрт пансионатты Қырғызстан меншігіне қайтару жөнінде жақын аралықта тиісті құжаттарды дайындамақ ниетте екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар