Ыстықкөлге кіреберістегі экологиялық бекет жабылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлге кіреберістегі экологиялық бекет жабылмайды

Ыстықкөлге кіреберістегі экологиялық бекет жабылмайды

Ыстықкөлге кіреберістегі экологиялық бекет жабылмайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Ыстықкөл" биосфералық аумағының бас директоры Авазбек Арынов хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан экология және төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен биылғы жылдың 20-маусымына бастап республика аумағында барлық экологиялық бекеттердің жұмысы тоқтатылған. Бұл Қазақстаннан Ыстықкөлге келетін туристер санын арттыру үшін жасалып отыр.

Алайда, А.Арыновтың айтуынша, бұйрыққа Қырғызстан Республикасы экология және төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне бағынышты экологиялық бекеттердің ғана жұмысы тоқтатылған, ал шипажай аймағына кіреберістегі бекет облыстық әкімшілікке қарасты. Биосфералық аумақтың бас директорының айтуынша, алымдар тарифі былтырғымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Шетелдік туристер өз көлігімен шипажай аумағына енген кезде 500 сом ($12) төлеуі тиіс. Сондай-ақ, әрбір жүргізушінің қолында көліктен шығатын газ құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері нормаға сәйкестігі туралы талон болуы тиіс. Талон құны жеңіл көліктер үшін 120 сом ($3), жүк және жолаушы тасымалдаушы көліктер үшін 480 сомға ($11) тең.

Перейти к новостям спорта