"Хат қалдырған": Алматыда 27 жасар блогер қыз өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хат қалдырған": Алматыда 27 жасар блогер қыз өзіне қол жұмсады

"Хат қалдырған": Алматыда 27 жасар блогер қыз өзіне қол жұмсады

Бұл туралы "Немолчи" қоры мәлімдеді.

  • 14 Маусым
  • 774
Фото - Caravan.kz

27 жастағы белгілі блогер Айлуна Рахым суицид жасап, көз жұмды. Өлер алдында хат жазып, өліміне қатысы бар бір жігіттің есімін қалдырған. Бұл туралы марқұм қыздың құрбылары «НеМолчи» қорына жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қыздың денесі 11 маусым күні кешкі уақытта табылған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол СММ менеджер болып жұмыс істеп, опекун тәтесінен бөлек тұрып келген.

«Бізде көп скрин және хабарлама бар, үмітсіздік, қарым-қатынаста проблемалар болғаны анық. Алматы полиция департаментінен қай бап бойынша іс ашылғанын хабарлауды сұраймыз», — деп жазылған «Немолчи» қорының парақшасында.

Блогер қыз тұрмыста болған. Бірақ жақында ажырасқан. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлімдеген. Оны видеолар мен суреттерден байқауға болады. Қыз өз суреттерінде ыстық үтікті басқаннан қалған күйіктердің іздерін, соққыдан көгерген қолдарын көрсеткен.

«Барлық қорлықты көрсету үшін бұл суреттер тым аз. Батылым жетіп, ажырасқаныма шүкіршілік етемін. Жаңа өмірімді бастадым», — деп жазған еді блогер сәуірде қалдырған жазбасында.

Айта кетейік, Қазақстан суицид бойынша 2023 жылы 178 ел ішінде 19-шы орынға шыққан. 

Соңғы жаңалықтар