Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Балалардың туған туыстарының айтуынша 12 жастағы ер бала мен 9 жастағы қыз бала бірнеше күннен бері азапталып келген. Балалардың әжесінің айтуынша, анасы оларды үтікпен, темір заттармен, үтіктің шнурысын соғып, тіпті сіріңкемен күйдірген.
Ол аздай балаларды «Қошқар ата» суына сүңгітіп, үйге қайтып оралған соң, азаптауды тағы да бастаған. Қыз баланың шашының тақырлап алынып тасталғаны да белгілі болды. Үйдің кішілеріне анасы тиіспеген.
Балалардың жаға ұстатарлық жайы туралы мектеп мұғалімдері алғаш рет білген. Себебі балалар қысқы каникулдан соң мектепке қайтып бармаған.
Қазіргі таңда мәселемен тиісті органдар айналысып жатқаны белгілі болды.