«ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура өзінің елімізге сапары аясында ел басшылығымен кездесіп, Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қояды. Сондай-ақ, ол қыркүйектің 12 мен 14 аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екінші сьезіне қатысуды жоспарлап отыр»,- деді Е.Ашықбаев.
Сонымен бірге Е.Ашықбаевтың айтуынша, 7-қыркүйекте «Балалар құқығын қорғау жөніндегі» үкіметтік емес ұйым шеңберінде құрылған жұмыс тобының бастамасымен Қазақстанға БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы Якоб Эгберт Доек мырза келеді деп күтілуде.
«Елімізде балалар құқығының қорғалу жағдайын талқылау үшін БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы бірқатар министрліктер мен мекемелерде кездесулер өткізеді»,- деді Е.Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті