ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерімен толығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерімен толығуы мүмкін

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімі Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерімен толығуы мүмкін

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміндегі трансшекаралық аталымына кіретін «Жібек жолы» сериясының қатарына Қазақстанның мәдени мұра нысандарын қосу мақсатында ғылыми құжаттау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

  • 24 Мамыр 2011
  • 1633
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ЮНЕСКО мен ИСЕСКО ісі бойынша ұлттық комиссияның отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы петроглиф тас кешені, сонымен қатар 2008 жылы Орталық Азия бойынша алғашқы табиғи нысан ретінде «Сарыарқа — Солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтықтары» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген болатын.

«Дегенмен, Әлемде жер аумағының көлемі бойынша 9- орын алатын мемлекет үшін бұл аз. Қазақстан аумағында бірегей мәдени ескерткіштер жетерлік. Осы нысандардың ғылыми құжаттау жұмыстарына дайындық жалғасуда»,-дейді министр.

1992 жылдың 22 мамырында ЮНЕСКО құрамына кіргеннен бастап Қазақстан аталмыш ұйыммен ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Осы уақыт аралығында еліміз ЮНЕСКО аясында қабылданған он бір халықаралық конвенцияларының мүшесі болды. 2006 жылы Астанада ҚР Үкіметі мен ЮНЕСКО арасында білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларында серіктестік меморандумына қол қойылды.

Перейти к новостям спорта