ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімі Қазақстан, Әзербайжан және Ресей тәрізді бірқатар елдің тарихи нысандарымен толықтырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімі Қазақстан, Әзербайжан және Ресей тәрізді бірқатар елдің тарихи нысандарымен толықтырылуы мүмкін

ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімі Қазақстан, Әзербайжан және Ресей тәрізді бірқатар елдің тарихи нысандарымен толықтырылуы мүмкін

Қытайдың Сучжоу қаласында ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар жөніндегі комитетінің 28-ші сессиясы өткізілуде. Сессияға қатысушылар кейбір мемлекеттерден келіп түскен мәдени мұралық нысандар тізімін толықтыру туралы ұсыныстарды саралайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БҰҰ жаңалықтар орталығының хабарламасынан мәлім болды.

  • 29 Маусым 2004
  • 976
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен тізімге 129 мемлекеттің аумағындағы «бірегей әмбебап құндылыққа» саналған 754 нысан енгізілген. Қазіргі жағдаймен әлемнің 36 елі бұл тізімге тағы да 33 мәдени және 8 табиғи нысанды қамтуды ұсынып отыр. Осындай өтініш жолдаған елдердің арасында Қазақстан, Әзербайжан және Ресей тәрізді елдер бар.

Комитет дүниежүзілік құндылықтар санатындағы, қазір жойылып кету қаупі төніп тұрған нысандар тізімін де тағы бір мәрте пысықтап шықпақшы. Осындай «қара тізімге» өнеркәсіп қалдықтарымен улану, тоналу, әскери жорықтар, туризм және қасақана қаскөйлік салдарынан бүліну қаупі бар 35 нысан енгізілген. Осы тізімге енген нысандардың арасында Әзербайжандағы тарихи және мәдени ескерткіштердің бірі саналатын Бакудегі Көне қала мен оның аумағындағы Ширваншах сарайы және Қыз мұнарасы бар.