Жарияланды: 330

ЮНИСЕФ Астанада «Елеусіз балалар» атты кинофестиваль өткізеді

Балалар қоры (ЮНИСЕФ) маусымның 1-і мен 5-і аралығында Астанада «Елеусіз балалар» атты кинофестиваль өткізеді.

ЮНИСЕФ ұйымының сейсенбідегі ақпарына қарағанда, кинофестивальде Эмир Кустурица, Кати Лунд, Маджид Маджиди, Валерия Гай Германика, Еркін Рақышевтің фильмдері жұртшылық назарына ұсынылады. Фильмдерге күн сайын балалардың алдынан шығатын қиындықтар мен проблемалар арқау болған, делінген хабарламада. Бұл кинофестивальдің 1-маусым - Балаларды қорғау күніне орайластырылуы да тегін емес. Бұл күн барлық балалардың толыққанды білім алып, өсіп-жетілуіге мүмкіндігі жоқтығын тағы бір рет ересектердің есіне салады. Әлемде миллиондаған бала қатыгездіктің, әлеуметтік жетімдіктің, құлдық пен кемсітушіліктің құрбаны болады. Бірақ, оларды ешкім елемейді, делінген ақпарда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін