ЮНИСЕФ Қазақстанды ТМД елдерінің арасындағы әлеуметтік дамудың үлгісіне балайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНИСЕФ Қазақстанды ТМД елдерінің арасындағы әлеуметтік дамудың үлгісіне балайды

ЮНИСЕФ Қазақстанды ТМД елдерінің арасындағы әлеуметтік дамудың үлгісіне балайды

Астана. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның балалар қоры - ЮНИСЕФ Қазақстанды ТМД елдерінің арасындағы әлеуметтік дамудың үлгісіне балайды. Бұл туралы осы ұйымның Қазақстандағы өкілі Хана Зингер бүгін ҚР СІМ Марат Тәжинмен кездесуден кейін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 552
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанның әлеуметтік сектордың дамуы бойынша ТМД елдері мен дүниежүзі үшін үлгіге айналғанын қалар едік… Қазақстан секілді экономикалық дамудың барысы әлеуметтік дамудың да барысына айналуы қажет», -деді Х. Зингер.

Оның айтуынша, ЮНИСЕФ әлеуметтік саладағы арақатынасты нығайтуды қолдайды. «Біз әлеуметтік бюджет жасау бойынша парламентпен, ал балаларға меймандос орта құрып енгізу және оның әдестемесі бойынша Білім және ғылым министрлігімен, балалар арасындағы ВИЧ індетінің алдын алу мәселесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен арадағы белсенді ынтымақтастықты одан әрі жалғастырумен қатар «Балалар үшін меймандос қала» тұжырымдамасын қолданысқа енгізу жұмыстарын одан әрі жалғастыратын боламыз», -деді ЮНИСЕФ өкілі.

Х. Зингердің айтуынша, бүгін ол еліміздің сыртқы істер министріне сенім грамотасын табыс еткен. «Біз ЮНИСЕФ-тің Қазақстанда жұмыс істеп жатуын мақтан тұтамыз. Қазақстан өңірдегі экономикалық дамудың алыбы болып табылады және біз үшін экономиканың осындай әл-қуатын балаларға қызмет етуге тарту — үлкен міндет», — деді ол.

ЮНИСЕФ Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылы бастаған. 1999 жылы Алматыда Орталық Азия және Қазақстан бойынша өңірлік кеңсесі, ал 2001 жылы Астанадағы кеңсесі ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар