«ЮНИСЕФ тарапынан қандайбір елге бөлінетін халықаралық көмектің көлемі жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім көрсеткіші, елдегі балалар саны мен балалардың өлім-жітім көрсеткішіне байланысты»,- деді О.Бивол. Оның айтуынша, республикадағы Жалпы ішкі өнім мөлшері тұрақты өсе түскеніне қарамастан, басқа екі көрсеткіш «әзірге халықаралық көмек мөлшерін азайтуға сылтау бола алмайды».
Атап айтсақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, балалар арасындағы өлім көрсеткіші 1984-1988-жылдарда әрбір тірі туған 1000 балаға шаққанда 30 болса, 1989-1999-жылдарда әрбір тірі туған 1000 балаға шаққанда 27,2-ге дейін азайды. ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, еліміздегі балалардың өлім көрсеткіші 1984-1989-жылдар аралығында тірі туған 1000 балаға шаққанда 54 жағдай болса, 1994-1999-жылдарда ол 62 жағдайды құрады.
«ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ мәліметтерінің өзара айырмашылықта шығуының себебі, министрлік бұл көрсеткішті барлық өлім оқиғалары бойынша жыл сайын санайтын болса, ЮНИСЕФ мәліметі халық арасындағы 5 жылдық іріктемелі зерттеу негізінде жасалады»,- деді бағдарлама үйлестірушісі. Сонымен бірге оның айтуынша, «денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткішті кеңес дәуіріндегі критерий бойынша есептейді. Ол бойынша жүктіліктің 28-аптасында туан бала ғана тірі туған балаға саналады». «Ал ЮНИСЕФ болса, ананың бойына біткен бала атаулыны, анасының жатырынан шыққаннан кейін тіршілік белгісін білдірген бүкіл баланы есепке алады».
Бағдарламаларды қажфландыру көлемінің сақталып қалуына қарамастан, О.Бивол «алдағы уақытта Қазақстан ЮНИСЕФ құрылымындағы донорлық елге айналады» дегенге сенім білдірді. «Ауғанстан мен Иракты қалпына келтіруге Қазақстан тарапына көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмек Қазақстанның донорлық әлеуметі жоғары екенін дәлелдейді»,- деді ол.
ЮНИСЕФ пен Қазақстан үкіметі арасындағы 2005-2009-жылдар аралығындағы ынтымақтастық бағдарламалары ҚР үкіметінің Мыңжылдық саммитінде айқындалған және бала құқығы жөніндегі конвенция принциптерін жүзеге асыру мақсаттарын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталады.