ЮНИСЕФ ТМД елдерін нәрестелер өлімі бойынша есеп берудің халықаралық стандартына көшуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНИСЕФ ТМД елдерін нәрестелер өлімі бойынша есеп берудің халықаралық стандартына көшуге шақырды

ЮНИСЕФ ТМД елдерін нәрестелер өлімі бойынша есеп берудің халықаралық стандартына көшуге шақырды

ТМД елдеріндегі нәрестелер өліміне қатысты есеп дәлме-дәл әрі шынайы болуы үшін бұл елдер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына көшуі тиіс. Бұл туралы бүгін, 23-қазанда Алматыда ашылған Қазақстан терапевтерінің 6-құрылтайы барысында ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Кул Гаутам осындай пікір білдірді.

  • 23 Қазан 2003
  • 657
Фото - Caravan.kz

ЮНИСЕФ өкілінің пікірінше, аталған аймақтағы нәрестелер өліміне қатысты ресми мәліметтер, басқа көздерден алынған ақпараттан төменірек болып шығуда. Бұл бұрынғы КСРО аумағында қолданылған критерийлердің өзгешелігіне байланысты болса керек. Осындай статистикалық есептің әдістемесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан бекітілген әлемдік стандарттан мүлдем өзгеше.

К.Гаутамның айтуынша, бұл мәселені шешуде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ТМД елдеріне қолғабыс жасауға дайын.

Соңғы жаңалықтар