ЮНИСЕФ ұйымының зерттеу қорытындысы Қазақстанның интернат мекемелерінде балаларға күш қолдану фактілері орын алатынын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЮНИСЕФ ұйымының зерттеу қорытындысы Қазақстанның интернат мекемелерінде балаларға күш қолдану фактілері орын алатынын растады

ЮНИСЕФ ұйымының зерттеу қорытындысы Қазақстанның интернат мекемелерінде балаларға күш қолдану фактілері орын алатынын растады

Қазақстанның мемлекеттік интернат мекемелерінде балаларға күш көрсету фактілері орын алады, деп БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ақыл-кеңесшісі Робин Хаарр мәлімдеді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 738
Фото - Caravan.kz

«Балалар үйі, жетімханалар, қиын балаларға арналған білім мекемелерінің қайсысын алса да, балаларға қатысты күш көрсету фактілерін шынымен де бары анықталған», — деп Р.Хаарр бүгін Астанада «дөңгелек үстел» отырысы барысында интернат мекемелеріндегі балаларға қатысты күш көрсету туралы зерттеу қорытынысымен таныстыру кезінде мәлімдеді.

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылған зерттеу Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының 38 интернат мекемелерінде жүргізілді. Білім мекемелерінің 600-ден астам қызметкері мен 1 мыңнан астам балаға сауалнама жүргізілді.
Р.Хаардың айтуынша, балалардың 13-16%-ы өздеріне қатысты күш қолдану әрекеттері болғанын және мекемедегі өзге тәрбиеленушілер тарапынан қоқан-лоққы көргенін айтады. Қиын балаларға арналған мекемелерде мазақ ету және күш қолдану әрекеттері басқа мекемелердегіден де сорақы екен.
«Әрбір төртінші бала психологиялық қысымды, (таяқ жейсің деп қорқыту, бір-бірінің затын әдейі сындыру т.б.) әрбір үшінші бала күш қолдлану әрекетіне куә болып жатады», — дейді ЮНИСЕФ өкілі.
Из тех, кто подвергся насилию — две трети мальчики и одна треть — девочки, сообщила она.
Балаларға интернат мекемелерінің қызметкерлері тарапынан да түрлі қысым жасалу фактілері де аз емес.

Соңғы жаңалықтар