А.Зинченконың айтуынша, Украина мемлекет басшысы «аталмыш стратегиялық құжатпен зейін сала танысып шықты». Украина мемлекеттік хатшысы Н.Назарбаевқа президент Ющенконың жолдауын жеткізгенін хабарлады. «Хат құжаттан алған әсерге жауап ретінде жазылған. Онда аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер кешені бойынша көзқарастардың ортақтығы айтылған»,- деді А.Зинченко.
Мемлекеттік хатшы сонымен бірге В.Ющенконың Қазақстан президентін ресми сапармен Украинаға келіп қайтуға шақырғанын хабарлады.