Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Айғаным Болатқызының бұлай жазуына адвокаттың желідегі жазбасы себеп болған.
Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі адвокаттың бұл әрекеті қаншалықты дұрыс деп отыр.
«Фейсбукте Ляззат Ахатова адвокаттың, Айғанымның денсаулығында ақауы бар және баласында да ақауы бар емдету керек, баласын аямай соққыға жықты деп жазып жатқаны қаншалықты заңды? Сонда баланы маған берген Сот алқаларының шешіміне күмән келтіріп жатқан жоқ па? Қалай ойлайсыздар осында көріп отырған аға буындар, апкелер???
Осында кәсіби заңгерлерді белгілеп кетесіздер ма?», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айғанымға қолдау көрсетіп, адвокаттың заң алдында жауап беруін талап еткен.