Жарияланды: 260

Зағип жандарға арналған смартфон нарыққа шығады

Поляк өнертапқышы зағип жандарға арналған смартфон жасап шығарды.

Kaztrk мәліметтеріне қарағанда, «See you» атты жаңа телефон «Android» жүйесінің негізінде жұмыс істейді. Гаджетті тек дауыспен ғана басқаруға болады. Оны іске қосу үшін экранды екі рет саусақпен түртсе болғаны. Көз жанарынан айырылғандар енді, «Facebook», «Twitter», сияқты әлеуметтік желілерді де пайдалана алады. Бұдан бөлек, олар такси мен жедел жәрдемге де хабарласу мүмкіндігіне ие болып отыр. «See you» смартфонын Варшавада 810 долларға сатып алуға болады. Алдағы уақытта ол халықаралық нарыққа шығарылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін