Бұл туралы Балиева Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Өз кезегінде Зағипа Балиева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіргені үшін алғыс білдірді.
«Достарым, бүгін бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Сәуле Айтпаева келді.
Мен оны және өзімізді аталған маңызды оқиғамен құттықтаймын. Сәуле Мұханбедианқызы – тамаша маман және оның алдына қойылған міндеттерді атқара алатынына сенемін. Өз тарапымнан, мен оған көмектесіп, қолдау білдіретін боламын. Себебі уәкіл жұмысының өте күрделі әрі маңызды жұмыс екенін түсінемін.
Мен мемлекет басшысына маған сенім артып, балалар құқықтарын қорғау жолында қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды.
Сондай-ақ, достар, пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз үшін сіздерге де алғыс білдіремін. Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз көптеген жұмыс құжатының негізіне айналды», – деп жазды Зағипа Балиева.
Естеріңізге сала кетсек, кеше, 12 маусымда, Елбасының өкімімен Зағипа Балиева қызметінен босатылған еді.
Оқи отырыңыз:
"Өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын, бәрі артта қалды" — Ерке Есмахан