Заманына сай алаяқтықтың да форматы өзгеріп тұрады  - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заманына сай алаяқтықтың да форматы өзгеріп тұрады 

Заманына сай алаяқтықтың да форматы өзгеріп тұрады 

Ақымақтар бар кезде алаяқтар аш қалмайды.

  • 3 Қыркүйек
  • 14
Фото: фейсбук парақшасынан алынған

Халық бұрын молда, тәуіп, емші, Ақ, Қызыл, Сары, Көк әулиелерге сеніп пір тұтатын. Енді осындай “коучтарға” сенетін заман туды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Заманына сай алаяқтықтың да форматы өзгеріп тұрады. Қараңғы халық кім болса, соны пір тұтып соңынан ілесе береді. Обал-ақ.

Журналист Арман Әубакір фейсбук парақшасында бір кәсіпкер жайлы жазыпты. Оның үстінен алданып арыз жазған халық болса да, жұмысын әлі жалғастырып келеді екен. Жарнамасы жер жарады.

«Алдымнан коуч Аманжол Рысмендиевтің жарнамасы жиі-жиі шығады. Әлі де солай. Кейде телефонмен хабарласып, тегін семинар-тренингке шақырып қояды. Өзі емес, алдын ала жазып қойған робот дауысы.

Бірақ Аманжолдың алдап кеткен адамдары да жиі ұшырасып тұрады. Мысалы, бірде екі айлық жалақысын ала алмай жүрген бұрынғы әріптесім менен көмек сұрады. БАҚ құралы ретінде мен хабарласқан соң бір айлық жалақасын төлеп берді. Одан кейін қалған бөлігін төледі ме, төлемеді ме, хабарым жоқ.

Оның есепсіз қарыздары, несиелері туралы желіде ақпарат та жиі шығып жатады. Бір телеарна арнайы бағдарлама да арнады. Бірақ Аманжолға еш тоқтау жоқ екен.

Осы коучты пір тұтатын қазақ әлі де көп. Тегін семинар дегенге барып алданып соңында ақшаларын тастап кетеді. Неге осындайларды қатал жазалмасқа? Ел алдында теріс әрекеттерін жалпыға жария етіп әшекерелемеске?», — деп жазды журналист.