Оны эфир барысында анайы сұраққа жол бергені үшін сынағандар қатарында белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы да бар, деп хабарлайды Stan.kz.
Журналист Аман Тасыған “Қалаулым” шоуының қатысушысы Замира Сұлтанмен сұхбат құрып, төсек қатынасы туралы ашық сұраған. Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырды. Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бұл жағдайды “нағыз трагедияға” балады.
“Еуразия” арнасының қазақ халқына жасаған кері саясаты осы делік. Ал мынау арсыз тележүргізушінің оттап отырған сөзін не деуге болады? Мен жиіркеніп, жиреніп тыңдадым төменді айтып, төменге түсіп бара жатқан тележурналистің сұрақтарына. “Қалаулым” бағдарламасындағы кейіпкер Замира Сұлтанның (деректерге сүйенсек лақап аты) ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шыққанын өткенде парақшама ұят та болса жариялағанмын. Енді сол арсыздан “жұлдыз” жасап отырған Аман Тасығанның(әріптесім деп айтуға ауызым бармайды) бұл сұрағы барлығынан асып түсті”, – деп жазды журналист.
Сондай-ақ, журналист отандық арналардан надандыққа итермелейтін бағдарламалардың көрсетілуіне неліктен жол берілгені жөнінде Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа сауал жолдады.
“Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қайда қарап отыр? Ұлтымызды надандыққа итермелейтін бағдарламалар көгілдір эфирден неге көрсетіліп жатыр? Айтыңызшы?! Отандық арналардың бетімен кетіп бара жатқанына көз жұму ұлтымызға деген сатқындық деп білемін.
Бүгін көгілдір экраннан тележүргізуші жыныстық қатынас туралы сұрақ қояды. Сонда ертеңгі күні эротика туралы бағдарламаларды түсіруге жол бересіз бе? Әлде, жас буынның санасы уланғанын қалайсыз ба? “Қалаулым” шоу-бағдарламасын қолыңызға алып, тексеріп жатқаныңызға да ай толды. Еш нәтиже жоқ. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясына наразы халыққа да ләм-мим демедіңіз. Мүмкін барлығымыз жабылып Премьер-Министр Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырзаға шағымданайық па?” – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.
Сынға ұшырағандар қатарынан журналист Аман Тасыған ғана емес, отандық арналардағы олқылықтар туралы жақ ашпаған депутаттар да табылды.
“Әшейінде сүйісу туралы кино шықса жерден алып, жерге кіргізетін депутаттарымыз неге осы мәселені Парламентте көтермейді?! Кезінде Әсел Сағатованы Ресейдің актёрімен сүйіскені үшін “атқа теріс мінгізген” жыраушы-депутатымыз неге үнсіз?! Ұлтқа жанашыр ағаларымыз қайда қарап отыр?! Отандық арналардың бетімен кеткенін трагедия деп білемін“, – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook желісіндегі парақшасында.
БҰЛ НАҒЫЗ ТРАГЕДИЯ! Көптен бері ТВ-ны қарамай кеткен едім. Бүгін маған мына видеоны оқырмандарымның бірі жіберіпті. "Еуразия" арнасының қазақ халқына жасаған кері саясаты осы делік. Ал, мынау арсыз тележүргізушінің оттап отырған сөзін не деуге болады? Мен жиіркеніп, жиреніп тыңдадым төменді айтып, төменге түсіп бара жатқан тележурналистің сұрақтарына. "Қалаулым" бағдарламасындағы кейіпкер Замира Сұлтанның (деректерге сүйенсек лақап аты) ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шыққанын өткенде парақшама ұят та болса жариялағанмын. Енді сол арсыздан "жұлдыз" жасап отырған Аман Тасығанның(әріптесім деп айтуға ауызым бармайды) бұл сұрағы барлығынан асып түсті. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қайда қарап отыр? Ұлтымызды надандыққа итермелейтін бағдарламалар көгілдір эфирден неге көрсетіліп жатыр? Айтыңызшы?! Отандық арналардың бетімен кетіп бара жатқанына көз жұму — ұлтымызға деген сатқындық деп білем. Бүгін көгілдір экраннан тележүргізуші жыныстық қатынас туралы сұрақ қояды. Сонда ертеңгі күні эротика туралы бағдарламаларды түсіруге жол бересіз бе? Әлде, жас буынның санасы уланғанын қалайсыз ба? "Қалаулым" шоу-бағдарламасын қолыңызға алып, тексеріп жатқаныңызға да ай толды. Еш нәтиже жоқ. "Қозы Көрпеш — Баян Сұлу" телехикаясына наразы халыққа да ләм-мим демедіңіз. Мүмкін барлығымыз жабылып Премьер-Министр Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырзаға шағымданайық па? Әшейінде сүйісу туралы кино шықса жерден алып, жерге кіргізетін депутаттарымыз неге осы мәселені Парламентте көтермейді?! Кезінде Әсел Сағатованы Ресейдің актёрімен сүйіскені үшін "атқа теріс мінгізген" жыраушы-депутатымыз неге үнсіз?! Ұлтқа жанашыр ағаларымыз қайда қарап отыр?! Отандық арналардың бетімен кеткенін — трагедия деп білем.
Posted by Бибігүл Дәулетбекқызы on Saturday, January 27, 2018
Бұл жағдайға наразы болған тағы бір журналист Анар Төлеухан да үнсіз қалмай, әріптесін сын астына алды.
“Қалаулым” бағдарламасына қатысатын бейбақтың бейнежазбасын көріп жанымнан шошыдым. Өзінің тобы да бар екен, масқара ғой админге арыз түсіріп, көпке қарап бейəдеп сөйлеуден арланбайтын, əйел затының абыройын таптайтын ұятсыз адамның тобын жапқызу керек.
Ал Жəнібек Кəрменовтей азаматтың үміт артқан баласының “Замира жүрген жерде бəрі қызық” деп эфирге шығарып отыруына жол болсын. Жарайды, “Евразия” арнасының негізгі саясатының қандай екені түсінікті… Қазақстанда отырып-ақ ел жаңалықтарын беріп жатқан осы 1 арна ақпараттарын, сюжеттерін тыңдап көріңізші. Əп деп басталғаннан негативке толы небір сюжетті беріп, жалаулатып жатқаны… Сондықтан “Қалаулымның” да астарына дұрыстап үңілген жөн”, – деп жазды Анар Төлеухан Facebook желісіндегі парақшасында.