Заң актілерін дайындау барысында мемлекеттік мекемелер жыл сайын біркелкі қателіктерге жол береді - әділет министрінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заң актілерін дайындау барысында мемлекеттік мекемелер жыл сайын біркелкі қателіктерге жол береді - әділет министрінің орынбасары

Заң актілерін дайындау барысында мемлекеттік мекемелер жыл сайын біркелкі қателіктерге жол береді - әділет министрінің орынбасары

Республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер заң актілерін дайындау барысында жыл сайын біркелкі қателіктерге жол береді. Бұл туралы бүгін, 22-тамызда әділет министрлігінде өткен ведомстволық және аймақтық заңнама шығару мәселесіне арналған республикалық семинарда ҚР әділет министрінің орынбасары Иоганн Меркель мәлімдеді.

  • 22 Тамыз 2003
  • 451
Фото - Caravan.kz

Вице-министрдің пікірінше, басқарушылардың құқықтық сауатсыздығы қолданыстағы заңнамаларды жиі бұзуға итермелеп отыр. Әсіресе мұндай жағдайлар кәсіпкерлік іс-қызмет саласында жиі кездеседі. Осы орайда әкімшіліктер мен кәсіпорындар арасындағы заңсыз келісімдерді мысалға келтірген И.Меркель «әкімдердің қашан көрсең де қаржы тапшылығынан бір құтыла алмай келе жатқан жергілікті бюджеттердің мүддесі дегенді » жиі көлденең тартатынын жоққа шығармайды.

Сол себепті, әділет министрі орынбасарының айтуынша, семинардың басты мақсаты — жергілікті және орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің кәсіптік деңгейін арттыру, заң жобаларын жасаудағы айрықша өзекті проблемаларды дәйектеу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар