"Заң алдында қатаң жауап беретін болады": Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Заң алдында қатаң жауап беретін болады": Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

"Заң алдында қатаң жауап беретін болады": Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдап, заңсыз митингке қатыспауға шақырды.

  • 8 Мамыр 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде а.ж. 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.

Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.

Алайда а.ж. 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.


Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.

Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады", — деп жазылған Бас прокуратураның үндеуінде.

"

Соңғы жаңалықтар