«Заң түзелді, діндарым, сен де түзел!» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Заң түзелді, діндарым, сен де түзел!» - республикалық басылымдарға шолу

«Заң түзелді, діндарым, сен де түзел!» - республикалық басылымдарға шолу

Кеше елордадағы Конгресс Холл сарайында «Ел іші - өнер кеніші» рес­пуб­ли­ка­лық телевизиялық халық шығармашылығы бай­қауы­ның гала концерті өтті. Кешті сөз сөйлеп аш­қан Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Үкімет басшысы Серік Ахметовтің республикалық байқауға қатысушы ұжымдар мен өнер шеберлеріне жолдаған құттықтауын жеткізді. Өңірлік сайыстардың жеңімпаздарына министр халық шығармашылығы бейнеленген белгі мен арнайы дипломды табыс етті. «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды» десек, Елбасының тапсырмасымен, Мә­дениет және ақпарат ми­нистр­лігінің ұйымдастыруымен қолға алынған бұл жобаның да мақсат-мұраты бұрынғы ата-бабаларымыздың тұнық бас­тауы­мен жалғасып жатқанын бай­қаймыз. Мәдениет ошағының ішін ұлттық өрнекке толтырған қолөнер шеберлерінің туындылары арқылы халықтық жау­һарлардың өміршеңдігіне куә болған жұртшылық ағаштан, те­мірден, күміс пен басқа да бағалы металдардан әшекейлен­ген зергерлік бұйымдарды, тұрмысқа қажетті заттарды, қылқалам өнері шеберлерінің картиналарын, киізден жасал­ған заманауи киім үлгілерін, ұлт­­тық ою-өрнектері көз тарт­қан түскиіз, сырмақ, кілем, құрақ көрпе сынды қолөнер бұйымдарын тамашалап, жер-жерден жиылған шеберлермен дидарласып жаты», деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы бүгінгі санындағы «Алтын арқау» атты мақаласында.

  • 31 Қазан 2012
  • 476
Фото - Caravan.kz

Осы басылымда «Бауырластық — ең дұрыс бағыт» деген тақырыппен ақпарат берілген. Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты­ның төрағасы Қайрат Мәми Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшісі Эсенгул Омуралиевті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. «Біздің елдеріміз арасындағы дағдылы бауырластық қатынастар сенімнің, өзара түсіністік пен тату көршіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді», деді Қайрат Мәми. Ол қазақстандық тараптың Қырғыз­станның тұрақты және орнықты дамуына мүдделі екенін атап өтті.

***

«Айқын» басылымының жазуынша, жер үшін мемлекетке тө­ле­нетін алымның нақты қаншаға жоғары­лағандығы жақын уақытта жарияланады. Үкіметтің кешегі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов тиісті тапсыр­ма­ларды берді: «Экономикалық даму және сауда, Қаржы, Ауыл шаруашылығы ми­нистрліктері пысықтап, ауыл шаруашы­лығы мақсатындағы жерлердің жер са­лығының ставкаларын арттыру бойынша ұсыныс енгізуі қажет». Мемлекет осы­лай­ша Қазақстандағы 90 миллион гектардан астам жердің тиімді пайдаланылуына ықпал етпек. Бұл мәселе жөнінде «Айқын» басылымы «Қазақ жері қымбаттады» атты мақалада жазды.

Осы басылымның бүгінгі санында «Заң түзелді, діндарым, сен де түзел!» деген тақырыппен мақала жариялады. «Қазақстан саяси дербестігіне қол жеткізгеннен кейін өзін зайырлы мемлекет ретінде жариялай отырып, азаматтық қоғам қалыптастырудың негізін қалай бастады. 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңымыз өз кезегінде сол уақыттың мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарының құқықтық негізіне айналды. Аталмыш Заң бақандай 20 жылға жуық уақыт ешқандай өзгеріссіз салтанат құрып тұрды. Зайырлы мемлекет болғанымызбен осы тұрғыда мемлекеттік тиісті механизмдер әлдеқашан жасалуы керек еді. Заңның өзгеріссіз қалуының өзі де 20 жылдың ішінде теріс діни ағымдардың кең таралып, қоғамда күрделі діни ахуал қалыптаса бастауына сеп болмады дей алмаймыз. Жастардың біразы дін атын жамылған шалағай топтардың шырмауында кетті», деп жазады газет. Осылайша діни саладағы тығырықтан шығу үшін мемлекеттің қатал шара қолданбасқа амалы қалмады. Осы мақсатта 2011 жылы Дін істері жөніндегі агент­тік құрылып, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заңы күшіне енді. 20 жылдан кейін қабылданған бұл Заңның кейбір тұстары жекелеген сарапшылардың, діндар­лардың көңілінен шықпағанымен, тұтастай алғанда, дер кезінде қабылданғанына ешкім де таласа алмас. Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санында кеңірек баяндалған.

***

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының өзі бас болып ел көлемінде «Калян» («Қорқор») операциясын өткізуге назар аударып отыр. Себебі қазіргі күнде темекіден гөрі, осы улы затты пайдаланатындар қатары көбейіп барады. Ашық түрде саудаланып жатпағанымен, көбіне көңіл көтеру орындарында қорқор тартып, көк түтінді будақтатып отыратындардың дені жастар екендігі алаңдатпай қоймайды. Оның үстіне қорқордың танымалдығы да, оған деген сұраныс та артып, бұрынғымен салыстырғанда таралу аясы да кеңейе түскен. Қорқорға қатысты мамандар зерттеуіне зер салсаңыз, өн бойыңыздағы қорқыныш қоюлай түседі: оның улылығы темекі түтінінен бірнеше есе жоғары.

Соңғы жаңалықтар