Заң жобаларын қарастыратын негізгі комитеттер белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заң жобаларын қарастыратын негізгі комитеттер белгіленді

Заң жобаларын қарастыратын негізгі комитеттер белгіленді

Бүгін палата төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Парламент Сенатының бюро отырысында Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын одан әрі қарастыру үшін негізгі комитеттер белгіленді.

  • 30 Мамыр 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қаржы және бюджет комитетіне берілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобаларын зерделеу үшін Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне берілді.

Заңнама және құқықтық мәселелер комитеті «Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып бекітілді.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға әзірлеу тапсырылды.

Бюро отырысында сондай-ақ палатаның 2 маусымда болатын кезекті жалпы отырысының тәртібін белгілеу туралы комитеттердің ұсыныстары да талқыланды.

Атап айтқанда, алдағы жалпы отырыста «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы», «Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарау жоспарланды.

Сонымен қатар палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар