"Заң жұмыс істемеген соң, қыз зорлайтын малғұндар талтаңдап жүр" - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Заң жұмыс істемеген соң, қыз зорлайтын малғұндар талтаңдап жүр" - Айгүл Орынбек

"Заң жұмыс істемеген соң, қыз зорлайтын малғұндар талтаңдап жүр" - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек қыздардың зорлық істерінде полиция қызметкерлерін айыптады.

  • 26 Қыркүйек 2023
  • 369
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Заң жұмыс істемеген соң, қыз зорлайтын малғұндар талтаңдап жүр!

Егер құзырлы органда жұмыс істейтін әрбір қызметкер өз істеріне адал болса, қорланып, зорланғандар бұлай көмек сұрап жүрмес еді.

Біздің елдің түбіне жемқорлық жетеді!

“Арыз жазбай ақ қой, өзіміз шешіп, ақша өндіріп аламыз”, деп алдына келген іске бизнес көзі ретінде қарау Шымкентте үйреншікті дүниеге айналған!

Зорланып келген адамды психолог, қорғаушысыз “намысы жоқ “, деп айқайлап психологиялық қысым жасап , “арыз шағымым жоқ”деп видеоға түсіріп алу біздің Шымкент тергеушілері үшін үйреншікті айла тәсіл!

Ол қыз бұндай жағдайға қалай түсті, отбасылық, әлеуметтік жағдайын тексеріп, психолог ұсынып жатқан бір басшы жоқ!


Президенттің тапсырмасы бар “зорланған қыздарды әйел тергеуші тергесін “!

Президент тапсырмасын орындамайтын сорлы елміз!

Зорланған қыздардың ісін созбалаңға салдырып, ақша жасап жүрген тергеушілерді полиция қызметінде бір күнде ұстамау керек!

Жұмыстан шығарып, мүлдем полиция қызметіне алынбайтындай ету керек!

Жоғарыға қызды кінәлі деп есеп беретінін білем, салдарымен емес түбін себебін біліңдер әуелі!", — деп жазды Айгүл Орынбек