Заңдастырылған жер телімдеріне иелік ету құқығын рәсімдеу тәртібі жеңілдетіледі - жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңдастырылған жер телімдеріне иелік ету құқығын рәсімдеу тәртібі жеңілдетіледі - жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі

Заңдастырылған жер телімдеріне иелік ету құқығын рәсімдеу тәртібі жеңілдетіледі - жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі мен әділет министрлігі "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес заңдастырылған жер телімдеріне иелік ету құқығын рәсімдеу тәртібіне өзгерістер енгізбекші, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 846
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің 2006-жылғы 19-шілдедегі №688 қаулысына сәйкес, заңдастырушы субъект алдымен заңдастыру жөніндегі комиссияға, сосын жер қатынастары жөніндегі басқармаға бірдей құжаттар тапсыруға тиіс болған. «Осындай жайтты өзгерту үшін біз үкіметтің қарауына тиісті өзгерістерді енгіздік. Соған сәйкес комиссия өкілдері бұл құжаттардың көшірмесін өздері жасап, оларды жер қатынастары жөніндегі басқармаға өздері өткеруге тиіс», деп хабарлады бүгін агенттік төрағасының орынбасары Каналбек Райымбеков мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау жөніндегі мәселелерге арналған республикалық семинар-кеңесте.

Сонымен бірге, өзгерістердің көмегімен жер қанытастары жөніндегі басқармаларда құжаттарды қарау мерзімін 20-дан 15 күнге дейін, ал мемлекеттік ұйымдарда құжаттарды дайындау мерзімін 15-тен 10 күнге дейін қысқарту көзделген.

ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Рамазан Сарпековтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен ұсынылып отырған түзетулер барлық мемлекеттік мекемелермен келісілді. «Үкіметтің қолданыстағы қаулысына өзгерістер енгізу мәселесі таяу күндерде шешіледі»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта