Заңды некеге отырғысы келетіндер қайда дайындалуы керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңды некеге отырғысы келетіндер қайда дайындалуы керек?

Заңды некеге отырғысы келетіндер қайда дайындалуы керек?

«Заңды некеге отырғысы келетіндер қайда дайындалуы керек? Ер мен әйел болып, отбасын құру да, біле білгенге ең күрделі «мамандық». Міне, осы күрделі мәселені Отбасы тәрбиесі институты мен ҚР Әділет министрлігі «Біргеміз» жас жұбайлар мектебін ашып, шешуге бел байлап отыр»,-деп жазады елорданың ресми сайты. Аталған мектеп Әділет басқармасының аудандық АХАТ бөлімінде 2012 жылдың 1 қарашасында ашылған көрінеді.

  • 18 Қараша 2012
  • 538
Фото - Caravan.kz

Жобаның қатысушылары — некеге тұрғысы келетін жас жігіттер мен қыздар.

Жас жұбайлар мектебін құрудың негізі — әлеуметтік-демографиялық үрдістердің теріс әсерінде, азаматтық неке, ажырасудың көбейіп, соның салдарынан некесіз туатын, сондай-ақ, толық емес отбасында тәрбиленуші балалардың саны артуы келеңсіздіктерінде жатыр.

«Елордалық АХАТ қызметкерлері жас жұбайлар мектебінің аясында отбасын құрған екі жас бір-бірін түсінісіп, бір-біріне қолдау білдіріп, берік отбасын құруда дағды қалыптастырады деген сенімде. Ал, тату-тәтті отбасы ол — мемлекет өркендеуінің мықты тіні екені белгілі»,-деп жазылған онда.