Жарияланды: 510

Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша салынатын айыппұл мөлшері тым жоғары - Н. Турецкий

Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша салынатын айыппұл мөлшері тым жоғары.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық Палатаның отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Николай Турецкий осылай мәлім етті. Депутаттың айтуынша, заң жобасы бойынша санкцияның үш түрі ғана қарастырылып отыр. Мәселен, бұның біріншісі айыппұлдар негізінде 5 мыңнан 100 мың айлық есептік көрсеткіш негізінде қарастырылған. «Шағын бизнес үшін айыппұлдың ең жоғары мөлшері 1 млн. доллар шамасында болып отыр. Яғни, бұл сол бизнестің жылдық активінен екі есе артық мөлшер. Депутаттар бұл санкцияны тым қатаң санайды. Ал орта бизнес үшін ең жоғары мөлшер 3 млн. доллар, ірі салынатын айыппұл бизнеске 5 млн. қарастырылады», - деді Н.Турецкий. Дегенмен осы мөлшерлерді бекітуге қатысты депутаттар Үкіметтен нақты жауап ала алмаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть