Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерді тіркеу саласында жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерді тіркеу саласында жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берілді

Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерді тіркеу саласында жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берілді

2011 жылдың 6 маусымы күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Төрағасының орынбасары О.А.Бектеновтің Бүкіләлемдік Банктің өкілдері Питер Кусек пен Ералы Бексұлтанмен кездесуі өтті.

  • 7 Маусым 2011
  • 610
Фото - Caravan.kz

Кездесуге ЮСАИД өкілі Елизавета Крупочкина мен «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-ның өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР ӘМ баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде О.А.Бектенов заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерді тіркеу ресімдерін одан әрі оңтайландыру жөнінде әділет органдары қабылдап жатқан шаралар туралы сөз айтты.

Соңғы екі жылда Қазақстан жаңа бизнес құрылымдар ашу жолдарын оңтайландыру барысында анағұрлым ілгері қадамдар жасады.

Бүкіләлемдік Банктің баяндамасында 2010 жылы Қазақстан бизнестің мүддесіне реформа жүргізудің көшбасшысы атанды. Мемлекеттердің әлемдік рейтингісінде бизнес үшін қолайлы климаттық жағдай жасауда Қазақстан 183 елдің ішінде 59-орынды алады.

«Кәсіпорындарды тіркеу» индикаторы бойынша біздің еліміз 47 орынды алып, өзінің көрсеткіштерін екі есеге жақсартты (2009 жылдың есебі бойынша біз 82 орынды алған болатынбыз).

«Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша да жақсы көрсеткіштерге жеттік. Осы көрсеткіш бойынша біздің еліміз анағұрлым табысты елдердің қатарынан орын алды, өткен жылы 31-нші орынды алған болса, биыл 28 орынды алды.

Осындай жетістіктерге жетудің негізі осы сияқты тіркеу ресімдерін оңтайландыру жөнінде қабылданған шаралар арқылы мүмкін болды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Парламент Әділет министрлігі бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.

Осы заң арқылы кәсіпорын ашу кезінде кәсіпкерлерге қиындық туғызатын ескірген нормалар алып тасталды.

Әділет министрлігінің бастамасы бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетіп тіркеу үшін төленетін алым ставкалары әлдеқайда азайтылды.

Бұдан басқа, кездесуге қатысушыларға «ХҚКО Бақылау» және «Е-нотариат» ақпараттық жүйелері демонстрацияланды және «электрондық үкімет» порталы арқылы ақпараттық анықтама алудың практикалық мысалдары көрсетілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Питер мырза заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерді тіркеу саласында жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берді.

Соңғы жаңалықтар