Жарияланды: 2400

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі экономикалық, экологиялық, террористік және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты көзделеді

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі экономикалық, экологиялық, террористік және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты көзделеді.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық Палатаның отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин осылай мәлім етті. «Қазақстан үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу жаңа институт болып табылады. Соған сәйкес, бұны жақтаушылар да, қарсы шығушылар да жеткілікті. Біздің ойымызша, бұл мәселені ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке ала отырып қарастырған ләзім»,- дейді А. Лукин. Оның айтуынша, заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту ең алғаш рет 2011 жылы әкімшілік жауапкершілікке тарту жолымен жүзеге асқан. Бұл ретте Қаржы полициясының өкілі корпорация қызметкерінің жекелей жауапкершілігі тіпті аз мөлшерде болса да келтірілген шығынды өтемейтінін, сондай-ақ осыған ұқсас қылмыстар жасаудың алдын алмайтынын атап өтті. «Жалпы заңсыз табыс тапқысы келетін қазақстандық және шетелдік компаниялар еңбек, салықтық және басқа да заңнамалардың бұзылуына жол береді. Шетелдік ірі компанияларды алып қарастырсақ, олар өз мемлекеттерінде бұндай заң бұзушылыққа жол бермейді. Өйткені, ондай компаниялар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді А. Лукин. Оның айтуынша, аталған мәселені талқылау барысында көптеген халықаралық сарапшылар заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының тиімділігін атап өткен. Ал Қаржы полициясы тарапынан әзірленген заң жобасы Еуропалық және Азиялық елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерінің негізіне назар аударылған. «Осы ретте заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі экономикалық, экологиялық, террористік және сыбайлес жемқорлық қылмыстарға қатысты көзделеді. Бұларға айыппұл салынуы, белгілі бір қызметпен айналысуын шектеу немесе заңды тұлғаны жою түріндегі жазалар қолданылуы мүмкін», - деді А. Лукин. Терроризмге қатысы бар, қоршаған ортаға орны толмас залал келтірген заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту барысында оларды бірден тарату ұсынылады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық Палатаның отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин осылай мәлім етті. «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі ең алдымен террористік қылмыстар үшін қолданылады. Бұл ретте әңгіме терроризмді қаржыландыратын кәсіпорындар, заңды тұлғалар туралы болып отыр. Әлемде орын алып отырған ғаламдық қауіп-қатерлерді ескере келе, жеке тұлғаларға ғана террористік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырып қана қоюға болмайды. Өйткені, қаржыландырылмаса терроризмнің әрекеті де жүзеге аспайтыны белгілі. Сондықтан да, біздің міндетіміз ең алдымен терроризм сипатындағы қылмыстардың жолын кесу»,- дейді А. Лукин. Бұл ретте агенттік өкілі заң жобасы бойынша терроризмді қаржыландыруға қатысы бар заңды тұлғаға ең жоғары үкім шығарылып, ондай кәсіпорынды бірден тарату көзделетінін атап өтті. Бұдан бөлек, экология саласындағы қылмысы үшін де заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Оның ішінде қоршаған ортаға орны толмас шығын жасаған кәсіпорындарға да тарату туралы үкім ұсынылып отыр. «Ал заңды тұлғалардың экономикалық қылмыстарын қамтитын мәселеге келетін болсақ, бұлардың негізгі бөлігі «жалған кәсіпорындарға» қатысты болып табылады», - деді А. Лукин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть