Заңгер Айгүл Орынбек Маңғыстау халқымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңгер Айгүл Орынбек Маңғыстау халқымен кездесті

Заңгер Айгүл Орынбек Маңғыстау халқымен кездесті

 «Риза-ана» қоғамдық қоры 2024 жылы,«Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру» басым бағыты бойынша «Қолжетімді құқықтық көмек» жобасы жүзеге асуда.

  • 27 Қыркүйек
  • 2
Фото - Caravan.kz

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысы көлемінде азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындарға ақпараттық кеңес беру. Осы жоба аясында өңірдегі әлеуметтік осал топтағы азаматтарға республикалық деңгейдегі сарапшыны тарта отырып құқықтық сауаттылық туралы кездесулер өткізу бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының белгілі заңгері, қоғам белсендісі Айгуль Орынбекпен 27-ші  қыркүйек сағат 11:00-де Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекенінің және сағат 16:00-де Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, білікті заңгер ретінде халыққа құқықтық сауаттылық, өз құқығыңды қорғау туралы жеке қабылдаулар өткізді.