Заңнамалық актілердің жетілдірілмеуі салдарынан Қазақстандық зергерлер жариялы бизнестегі ахуалының нашарлай түскендігіне наразы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңнамалық актілердің жетілдірілмеуі салдарынан Қазақстандық зергерлер жариялы бизнестегі ахуалының нашарлай түскендігіне наразы

Заңнамалық актілердің жетілдірілмеуі салдарынан Қазақстандық зергерлер жариялы бизнестегі ахуалының нашарлай түскендігіне наразы

Қазақстандық зергерлер еліміздегі заңнамалық актілердің жетілдірілмеуі салдарынан жариялы бизнестегі ахуалы барған сайын нашарлай түскендігін айтып, наразылық білдіреді. Бұл туралы бүгін, 15-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында отандық зергерлік рынок өкілдері мәлімдеді.

  • 15 Қазан 2003
  • 870
Фото - Caravan.kz

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың айтуынша, отандық зергерлік өнеркәсіпті дамыту үшін қолдау көрсетудің орнына, соңғы уақытта керісінше кәсіпкерлерді жариялы бизнестен көлеңкелі салаға кетуге мәжбүр ететін, аяқтан шалып, жасанды бөгет қоюға бағытталған шешімдер қабылдануда. Мәселен, «Қазақ зергері» ЖАҚ-ның президенті Дабыра Іңкәрбаевтың мәліметіне жүгінсек, қазір еліміздегі жариялы зергерлік бизнестің үлесі нәбәрі 20 проценті құрайды.

Мәселен, отандық зергерлер Қазақстан кәсіпкерлерінің тәуелсіз қауымдастығының көмегімен өнімдердің сапалық сәйкестігін бақылау жөніндегі үкімет қаулысы нормаларының зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сертификаттау жөніндегі бөлімі мен басқа да бірқатар ескірген нормативтік актілерді алып тастау туралы өтінішхат жолдамақшы.
Бірқатар зергерханалар басшыларының пікірінше, зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сертификаттау — зергерлік бұйымдарды міндетті түрде таңбалау процедурасын қайталайтын мүлдем қажетсіз шара.
Зергерлердің айтуына қарағанда, егер зергерлік бұйымда өнімнің сапасын айғақтайтын фирмалық белгіге саналатын өндірушінің мөр-таңбасы басылған жағдайда, оған қоса зергерлік бұйымды міндетті түрде сертификаттау тәжірибесі Қазақстаннан басқа дүниежүзінің бірде-бір елінде қолданылмайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, осыдан бір жыл бұрын енгізілген зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сертификаттау шарасы бұйымның бағасын 30-40 процентке қымбаттатып, аталмыш процедураның құны бұйымның өз бағасынан асып түскен.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің пайымдауынша, зергерлік бұйымдарға бұған дейін салынып келген 10 проценттік акциздік алымның күшін жоюы еліміздің зергерлік өнеркәсібіндегі ахуалды шамалы жақсартуға түрткі болды. Олардың айтуынша, қазір бұл салық отандық зергерлік бұйымдарды бәсекелестік қабілеттен айырып, экспорттауға біржола тосқауыл қоюда. Ал Ресейде бұл акциз 2003-жылдың 1-қаңтарында алып тасталған.
Қазір еліміз рыногінде сатылатын отандық зергерлік бұйымдар мөлшері небәрі 10 процентті құраса, 80 проценті Ресей өнімдері.
Ал ҚР үкіметі қазір жобасын жасап жатқан «Асыл металлдар туралы» заң хақында сөз қозғаған кәсіпкерлер бұл жұмысқа сала өкілдерін де жұмылдыру қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар