Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 14 цех жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 14 цех жұмысы тоқтатылды

Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 14 цех жұмысы тоқтатылды

Биыл ел аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығарып келген 14 цех жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ МКК Алдын алу жұмысы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерден Жұман айтты.

  • 14 Маусым 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. 

«Заңсыз алкоголь өнімдері айналымы саласында да біраз қылмыс әшкереленді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында заңсыз алкоголь өнімдерін әзірлеп келген 14 жасырын цехтың жолы кесілді. Олардан 2 млн 700 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары, 6 миллионнан астам шөлмек есепке алынбаған алкогольді өнім мен 30 мың тонна литр спирт алынды», — деді басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

Оның дерегінше, есепті кезеңде экономикалық саладағы ауыр қылмыстарды анықтау екі есеге артып, өтелген зия көлемі 77 пайызға жеткен.


«Анықталған 28,3 млрд теңге залалдың 12,8 млрд теңгесі өтелді. Сот санкциясымен 9 млрд теңге сомадағы мүлікке тыйым салынды», — деді Ерден Жұман.

 

Соңғы жаңалықтар