Заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған бірнеше қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған бірнеше қылмыстық топ құрықталды

Заңсыз көші-қон жолын ұйымдастырған бірнеше қылмыстық топ құрықталды

Алматыда іскерлік сапар деген желеумен заңсыз көші-қон каналын ұйымдастырған бірнеше қылмыстық топ құрықталды.

  • 1 Қараша 2012
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық прокуратураның аға прокуроры Бауыржан Әбдірахманов мәлім етті.

«Тексеру барысында іскерлік сапар деген желеумен ел аумағына 2 мыңнан астам шетел азаматын заңсыз кіргізген бірнеше қылмыстық топ анықталды», — деді ол бейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Аға прокурордың айтуынша, аталған факті негізінде 6 қылмыстық іс қозғалған.
Сонымен қатар, жыл басынан бері прокуратура мен қалалық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорын басшылары арасында түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр, деп атап өтті ол.
«Атқарылған жұмыс нәтижесінде Алматыдағы заң бұзушы кәсіпорындардағы шетелдік жұмыс күшін 30,3% қысқартып, олардың орнына 900-ден астам Қазақстан азаматы орналасты», — дейді Б.Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар